Get Mystery Box with random crypto!

Щучье-Бурабай курорттық аймағын дамыту тақырыбын одан әрі жалғ | УДП Дадебаев

Щучье-Бурабай курорттық аймағын дамыту тақырыбын одан әрі жалғастырсақ

Сондағы кәсіпорындар қызметінің негізгі бағыттарына қысқаша тоқталғым келеді.
«Бурабай» МҰТП
(мемлекеттік ұлттық табиғи паркі) қызметкерлері жалпы аумағы 129 мың гектардан асатын табиғи кешенді күтіп-баптайды. Биыл, жыл басынан, инспекторлар 66 гектардан астам жерге ағаш отырғызды және 174 рет рейд жасады, сонымен бірге орманның табиғи қалпын тексеру үшін ондаған гектар алқапқа зерттеу жүргізді.

Орманды өрттен қорғау - жұмыскерлердің негізгі міндеттерінің біріне жатады. ҚР Президенті Іс Басқармасының кәсіпорындарын цифрландыру бағдарламасы аясында жүзеге асып жатқан «Smart National Park Burabay» автоматтандырылған жүйесі ормандағы өртті жылдам анықтауға және дер кезінде нақты қарекет жасауға көмектеседі. Айталық, биыл бұл аумақта 16 рет өрт шығып, дер кезінде дереу сөндірілген. Орманға ешқандай зақым келген жоқ. «Бурабай» МҰТП жасыл-желекті аумақты қорғаумен қатар туристердің қызығушылығын тудыратын жерлерді, оған баратын жолдарды бекітеді және бақылайды. Ұлттық саябақта осындай 29 бағыт бар.

Бұған қоса кәсіпорын демалыс орындары, қайық станциялары, жағажайлар және т.б. туристік-рекреациялық қызметтің дамуын да қадағалайды.  Кәсіпкерлердің басқаруындағы ол орындар қатаң түрде қауіпсіздік талаптары мен стандарттарына сәйкес ұйымдастырылуы керек. Биыл демалыс аймақтарын дамыту үшін конкурстық негізде 18 алаң қысқа мерзімді пайдалануға берілді.

Осы жылдың маусым айында Бурабай ұлттық саябағы ЮНЕСКО-ның биосфералық резерваттардың дүниежүзілік желісіне енгізілгенін атап өткен жөн. Бұл Бурабайдың табиғи туристік беделін көтеретіні өз алдына, кәсіпорынның ғылыми қызметкерлері орманды қорғау мен биоалуандықты арттырудың әлемдік озық тәжірибесіне қол жеткізе алады.