Get Mystery Box with random crypto!

Щучье - Бурабай курорттық аймағы жерлестеріміз бен шетелдік ту | УДП Дадебаев

Щучье - Бурабай курорттық аймағы жерлестеріміз бен шетелдік туристер арасында әйгілі демалыс орындарының бірі. Курортты дамыту, инфрақұрылымын жетілдіру және орманның қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісімен біздің ведомствоға қарасты ұйымдар – «Бурабай» МҰТП (мемлекеттік ұлттық табиғи паркі) және «Бурабай Даму» ЖШС айналысады.

Осы екі кәсіпорын ұжымымен кездесу барысында әріптестер атқарылып жатқан жұмыстарды баяндап, жоспарларымен бөлісті, сонымен қатар толғандырып жүрген ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.

Атап айтқанда, медициналық қызмет көрсету, мамандардың біліктілігін арттыру, балаларының жазғы демалысын ұйымдастыруға қолдау көрсету мәселесі әңгімеге арқау болды.

Жүздесуде бірқатар сұрақтарға сол жерде жауап берілді. Дегенмен, қосымша нақтылауды қажет ететін сауалдар да бар. Оларды пысықтап, жақын арада жауап береміз.