Get Mystery Box with random crypto!

Ongar_online

Telegram арнасының логотипі ongar_online — Ongar_online O
Telegram арнасының логотипі ongar_online — Ongar_online
Арна мекенжайы: @ongar_online
Санаттар: Саясат
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 4.81K
Арнадан сипаттама

Қош келдіңіздер! Бұл тәуелсіз журналист Оңғар Қабденнің телеграм арнасы!
Мұнда:
🤡 Саясат
😪 Дау-дамай
😜 Елдегі елең еткізер оқиғалар және спорт тақырыбы да қамтылады.
Жарнама бойынша: 77016253624

Ratings & Reviews

2.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

2

1 stars

0


Соңғы хабарлар

2022-08-31 04:23:23
Михаил Горбачев қайтыс болды

КОКП Орталық Комитетінің бұрынғы Бас хатшысы, КСРО-ның жалғыз президенті Михаил Горбачев ұзаққа созылған науқастан кейін 92 жасында қайтыс болды, деп хабарлады Мәскеудің Орталық клиникалық ауруханасы.
315 views01:23
Ашу / Түсініктеме
2022-08-30 22:31:06 Күзде Парламент тарайтын сияқты. Алғышарты көктемде ғана Тоқаев тигр деп айқайлап жүрген Сырымбек Тау бастаған кәсіпкерлер Республика деген партия құрмақшы-мыс. Республика қозғалысы көптің есінде болар. Бұлар соның заңды жалғасы ма? Әлде, ол Республика ескі Қазақстандікі ме? Ұзынқұлақтың айтуынша кәсіпкерлерден құралған бұл партия Тоқаевты қолдамақшы. Онсыз да жұрттың сенімін жинай алмай жатқан президентке бұл үлкен соққы болмақ. Осы күнге дейін бір саяси науқанға ат салыспаған бұл кәсіпкерлер партиясы не бағдарлама ұсынбақ? Әлде, Адал-2 болып, Аманатқа электорат жинау ма? Айтпақшы, Адал да кәсіпкерлер партиясы еді.
Өткенде мешітке бүкіл кланын жинап барып, Назарбаев бір шулатып еді. Бүгін Дариға әпшем де өзінің КТК-сынан атып шықты. Олар сол арқылы біз ешқайда кеткен жоқпыз, елдеміз дегенді жұртқа ишарамен түсіндіруде.
Не болса да осы күз қарбаласқа толы болмақ. Қазгидромет қыркүйек өте ыстық болады депті. Шынымен. Саясаттың қатысы жоқ.
397 views19:31
Ашу / Түсініктеме
2022-08-30 20:31:40 Қырғыз, Өзбек ағайындарды Тәуелсіздік Күнімен құттықтаймын! Біздің шал задний бермегенде бірге тойлайтын едік!
447 views17:31
Ашу / Түсініктеме
2022-08-30 19:39:14
Қырғыз президенті Жапаров Орталық алаңдағы стадионда доп теуіп жатыр. Бұқаралық спорт деген осы
480 views16:39
Ашу / Түсініктеме
2022-08-30 14:55:32
Қырымда Украина Әнұраны әуеледі. Хакерлерге респект!
542 views11:55
Ашу / Түсініктеме
2022-08-30 11:16:02
Тағы бір видео
559 views08:16
Ашу / Түсініктеме
2022-08-30 11:15:20
Ресей солдаттары қатты мас болып ұйықтап қалып, украиналықтардың тұтқыны болып оянып жатыр.
549 views08:15
Ашу / Түсініктеме
2022-08-30 11:15:19
540 views08:15
Ашу / Түсініктеме
2022-08-30 11:09:52 Херсон көшелерінде шайқас. Атыс болып жатқанына бір сағат болды. УҚК барлаушы жасақтары қалаға кірді.
535 views08:09
Ашу / Түсініктеме
2022-08-30 06:37:28 Украина Харьковты алып жатыр, Мелитопольден қуып жатыр, Каховканы азат етті деген ақпараттарды оқып жатырмыз. Бұл жер Көк Ұлдардың жері екеніне ешкімнің күмәні жоқ. Аты айқайлап тұр.
Құдай бетін ары қылсын, Ресей солтүстікке кірер болса біз де Көк Ұлдардан кем соғыспаспыз. Сол кезде қазақ сарбаздары басқыншылардан Краснознаменовка, Водоправодная, Ивановка, Александровка т.б қала-ауылдарды азат етті деген жаман естіледі екен ә? Әлемдік БАҚ мынау өзі кімнің жері деп ойланып қалатын шығар. Еу, жоғарыдағы жігіттер! Мына атауларды ауыстырыңдар. Павлодар мен Петропавлға шамаларың келмесе де ауылдарға шамаларың келетін шығар?
574 views03:37
Ашу / Түсініктеме