Get Mystery Box with random crypto!

Күзде Парламент тарайтын сияқты. Алғышарты көктемде ғана Тоқае | Ongar_online

Күзде Парламент тарайтын сияқты. Алғышарты көктемде ғана Тоқаев тигр деп айқайлап жүрген Сырымбек Тау бастаған кәсіпкерлер Республика деген партия құрмақшы-мыс. Республика қозғалысы көптің есінде болар. Бұлар соның заңды жалғасы ма? Әлде, ол Республика ескі Қазақстандікі ме? Ұзынқұлақтың айтуынша кәсіпкерлерден құралған бұл партия Тоқаевты қолдамақшы. Онсыз да жұрттың сенімін жинай алмай жатқан президентке бұл үлкен соққы болмақ. Осы күнге дейін бір саяси науқанға ат салыспаған бұл кәсіпкерлер партиясы не бағдарлама ұсынбақ? Әлде, Адал-2 болып, Аманатқа электорат жинау ма? Айтпақшы, Адал да кәсіпкерлер партиясы еді.
Өткенде мешітке бүкіл кланын жинап барып, Назарбаев бір шулатып еді. Бүгін Дариға әпшем де өзінің КТК-сынан атып шықты. Олар сол арқылы біз ешқайда кеткен жоқпыз, елдеміз дегенді жұртқа ишарамен түсіндіруде.
Не болса да осы күз қарбаласқа толы болмақ. Қазгидромет қыркүйек өте ыстық болады депті. Шынымен. Саясаттың қатысы жоқ.