Get Mystery Box with random crypto!

«Менің атым – Қожаға» 68 млн теңгеге ескерткіш қойылады Қола | Miyat KASHIBAY / Мият КӘШІБАЙ

«Менің атым – Қожаға» 68 млн теңгеге ескерткіш қойылады

Қола мүсін астанадағы Жетісу саябағына орнатылады. Тапсырыс беруші – «Астана қаласының бірлескен мұражайлар дирекциясы». Аталған мемлекеттік кәсіпорын 21 сәуір күні «EJ-ART» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен «тікелей бір көзден сатып алу» тәсілі арқылы келісімшарт жасасты. Келісімшарт құны – 68 млн теңге.

Сатып алу техсипаттамасына қарағанда, ескерткіштің жалпы биіктігі – 2 метр, 63 см. Оның ішінде, негізгі мүсін биіктігі – 1,83, ал астындағы тұғырдың биіктігі – 0,8м. Тұғыр гранит пен бетоннан жасалуы тиіс. Ал мүсіннің өзі қатты материалдан жасалып, сыртына қола құйылады.

Тапсырыс орындаушы мүсінді келісішартқа қол қойылған күннен бастап 70 күн ішінде жасап бітіруге тиіс.

Әділет министрлігінің дерегінше, «EJ-ART» – 2016 жылы құрылған компания. Басшысы әрі жалғыз құрылтайшысы – Ершат Жолдас деген мүсінші. Мемлекеттік сатып алу порталындағы ақпаратта қарағанда, компания 2019 жылдан бері 11 мемтапсырыс алған.