Get Mystery Box with random crypto!

Miyat KASHIBAY / Мият КӘШІБАЙ

Telegram арнасының логотипі miyat_kashibay — Miyat KASHIBAY / Мият КӘШІБАЙ M
Telegram арнасының логотипі miyat_kashibay — Miyat KASHIBAY / Мият КӘШІБАЙ
Арна мекенжайы: @miyat_kashibay
Санаттар: Саясат
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 652
Арнадан сипаттама

Журналист Мият Кәшібайдың авторлық каналы. Саясат, бюджет, мемлекеттік сатып алудағы күмәнді келісімшарттар жайлы жазамын.
Каналды демеп, дамуына үлес қосамын десеңіз, Kaspi Gold нөмірім: 7 747 601 70 41

Ratings & Reviews

2.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар

2022-06-29 18:52:29 Астанада 47,2 млрд теңге Ұлттық спорт университеті салынады

Биыл астанада Ұлттық спорт университетінің құрылысы басталады. Оны салуға республика бюджетінен 47 193 997 906 теңге бөлініп отыр. Тапсырыс беруші – Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты «Спорт және дене шынықтыру істері комитеті».

Университет құрылысына байланысты әлі тендер өткен жоқ. Спорт комитетенің мемсатып алу порталындағы жылдық жоспарына қарағанда, университетті соғатын компания ашық конкурс арқылы анықталмақ. Конкурс хабарландыруы биыл маусымда жариялануға тиіс.

Портал мәліметінше, жаңа университет «Астана қаласындағы олимпиадалық дайындық орталығы» көп функционалды спорт кешені» базасында бой көтереді. Жоспарға сәйкес, университет құрылысы 2024 жылы аяқталуға тиіс.

Баса айта кететін жайт – 47,2 млрд теңге университет ғимаратының негізгі құрылысына ғана жұмсалады. Ал ғимараттың сыртқы инженерлік желілерінің құрылысына қанша қаржы бөлінетіні әлі белгісіз.

Елде Ұлттық спорт университеті соғылатыны жайлы 2019 жылдан бері айтылып келген. Үш жыл бұрын Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті, олигарх Тимур Құлыбаев "Ұлттық спорт университетін құруды мақсат етіп отырмыз. Бірақ әлі қаржыландыру мәселесі шешілген жоқ" деп мәлімдеген.
648 views15:52
Ашу / Түсініктеме
2022-06-28 21:04:56
Ақорда орден-медаль жасатуға жарты млрд жұмсамақ

23 маусым күні Президент іс басқармасы Ұлттық банкке қарасты "Қазақстан теңге сарайы" мемкәсіпорынымен келісімшарт жасасты. Оның құны - 480 млн теңге. Президент іс басқармасы бұл қаржыға түрлі орден мен медаль жасатпақ.

Толығырақ:

660 views18:04
Ашу / Түсініктеме
2022-06-21 18:06:40 Қамаудағы Қайрат Сатыбалдының компаниясын "Егемен Қазақстан" газеті "асырап" отыр

Қазақстандағы ең ірі мемлекеттік газет «Егемен Қазақстан» жыл сайын газет қағазын сатып алуға қыруар қаржы жұмсайды. Басылым газет қағазын кейінгі жылдары тек «Дәуір Сервис» ЖШС-дан сатып алып жүр. Ал бұл компания Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалды мен оның анасы Светлана Назарбаеваға тиесілі.

Мемсатып алу порталының мәліметінше, «Егемен Қазақстан» мен «Дәуір Сервис» 2016 жылдан бері 18 келісімшарт жасасқан. Олардың жалпы құны 3 млрд теңгеге жуық. Қос тарап арасындағы ең ірі келісімшарт биыл наурызда жасалды. Құны – 1 млрд, 107 млн теңге. Келісімшарт техсипаттамасына қарағанда, «Дәуір Сервис» ЖШС бір жыл бойы (2022-нің 1 қаңтарынан 31 желтоқсанына дейін) Қазақстанның 12 қаласына газет қағазын жеткізіп беріп отыруға тиіс.

Негізі «Егемен Қазақстан» АҚ газет қағазын сатып алу үшін үнемі ашық конкурс жариялайды. Бірақ конкурсқа бір ғана компания («Дәуір Сервис» ЖШС) қатысқандықтан тендер өтпеген болып есептеледі. Ал Мемсатып алу туралы заңға сәйкес, тендер жеңімпазы ашық конкурс арқылы анықталмаған жағдайда тапсырыс беруші конкурсқа қатысқан жалғыз компаниямен «бір көзден сатып алу» тәсілі арқылы келісімшарт жасасуға міндетті. «Егемен Қазақстан» АҚ мен «Дәуір сервис» ЖШС арасындағы 18 келісімшарттың 16-ы осындай сценарий бойынша жасалған.

Елдегі ең ірі мемлекеттік газеттен жыл сайын миллиардтап тендер алып отырған «Дәуір Сервис» ЖШС 2003 жылы құрылған. Сол кезден 2019 жылдың ақпанына дейін компанияға Светлана Назарбаева жалғыз өзі иелік етті. Үш жыл бұрын, яғни, 2019 жылдың ақпанында компания құрылтайшылараның қатарына Светлананың үлкен ұлы Қайрат Сатыбалды да қосылды. Бірақ биыл ұсталарынан бір ай бұрын, яғни, ақпан айында Қайрат Сатыбалды компания құрылтайшыларының қатарынан шығып кеткен.

Қамаудағы олигарх Қайрат Сатыбалды мен анасы Светлана Назарбаеваның «Дәуір Сервис» ЖШС-дан бөлек, «Дәуір» деп аталатын баспасы да бар. Экс-президент Назарбаевтың жақын туыстарына тиесілі бұл баспа да жыл сайын миллиардтаған теңгеге мемтапсырыс алып отыр.
1.3K viewsedited  15:06
Ашу / Түсініктеме
2022-06-20 18:12:43 Қазақстан билігі «Қаңтар қырғыны» кезінде сырттан келген әскерге қанша қаржы жұмсады?

Маусымның үші күні Алматы әкімдігінің Кәсіпкерлік және иновациялар басқармасы «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ-мен 182,3 млн теңге және Sanzheli ЖШС-мен 15,1 млн теңге тікелей бір көзден сатып алу тәсілі арқылы келісімшарт жасасты. Мемсатып алу порталындағы ақпаратқа қарғанда, екі келісімшарт та «Қаңтар қырғыны» кезінде Қазақстан билігінің шақыртуымен елге кірген Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының (ҰҚШҰ) әскеріне жұмсалған шығынды өтеу мақсатында жасалған.

Екі келісімшарттың да техсипаттамасынада Алматы әкімі Ерболат Досаевтың қаулысы тұр. Қаулыда «Алматы қаласы стратегия және бюджет басқармасы Кәсіпкерлік және иновациялар басқармасына жергілікті атқарушы органның шұғыл шығындарға арналған резервінен жалпы соммасы 197 454 551 теңге бөлсін, оның ішінде ҰШҚҰ-ның ұжымдық бітімгершілік күштері мүшелерін тамақтандыру жөніндегі шығынды өтеуге 15 127 542 теңге, сондай-ақ төтенше жағдай кезеңінде ҰҚШҰ-ның бітімгершілік операциясын жүргізу кезінде әуеайлақтық және жер үстінде қызмет көрсету бойынша көрсетілген қызметтер үшін 182 327 009 теңге қаржат бөлсін» делінген.

«Қаңтар қырғыны» кезінде ел аумағына ҰҚШҰ-ның 2 мың әскері кіргені белгілі. Мына қаулыға қарағанда, ҰҚШҰ әскерінің шығынын Қазақстан көтерген.
Ал ҰҚШҰ жарғысының ұйымды қаржыландыруға қатысты бабында «Мүше мемлекеттер өз өкiлдерi мен сарапшыларының ұйым органдарының кеңестерiне, отырыстарына және ұйым шеңберiнде өткiзiлетiн басқа да iс-шараларға қатысуымен байланысты, сондай-ақ өкiлеттi өкiлдердің қызметiмен байланысты шығындарды дербес түрде атқарады» деген тармақ бар. Осы тармаққа сүйенер болсақ, Қазақстанға әскер жіберген елдер шығынды өз мойнына алуға міндетті. Бірақ Алматы әкімнің қаулысына қарасақ, ҰҚШҰ әскеріне кеткен шығынды Қазақстан өзі көтерген.
1.7K viewsedited  15:12
Ашу / Түсініктеме
2022-04-22 11:44:54 «Менің атым – Қожаға» 68 млн теңгеге ескерткіш қойылады

Қола мүсін астанадағы Жетісу саябағына орнатылады. Тапсырыс беруші – «Астана қаласының бірлескен мұражайлар дирекциясы». Аталған мемлекеттік кәсіпорын 21 сәуір күні «EJ-ART» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен «тікелей бір көзден сатып алу» тәсілі арқылы келісімшарт жасасты. Келісімшарт құны – 68 млн теңге.

Сатып алу техсипаттамасына қарағанда, ескерткіштің жалпы биіктігі – 2 метр, 63 см. Оның ішінде, негізгі мүсін биіктігі – 1,83, ал астындағы тұғырдың биіктігі – 0,8м. Тұғыр гранит пен бетоннан жасалуы тиіс. Ал мүсіннің өзі қатты материалдан жасалып, сыртына қола құйылады.

Тапсырыс орындаушы мүсінді келісішартқа қол қойылған күннен бастап 70 күн ішінде жасап бітіруге тиіс.

Әділет министрлігінің дерегінше, «EJ-ART» – 2016 жылы құрылған компания. Басшысы әрі жалғыз құрылтайшысы – Ершат Жолдас деген мүсінші. Мемлекеттік сатып алу порталындағы ақпаратта қарағанда, компания 2019 жылдан бері 11 мемтапсырыс алған.
1.6K views08:44
Ашу / Түсініктеме
2022-04-20 20:54:45 Өртенген әкімдік. Фото inform.kz сайтынан алынды.
1.5K views17:54
Ашу / Түсініктеме
2022-04-20 20:28:12 Жамбыл облысы әкімдігінің ғимаратын жөндеуге 1,2 млрд теңге бөлінді

«Қаңтар қырғыны» кезінде өртеніп, жоғарғы қабаттары бүлінген әкімдік ғимаратын жөндеуге 1,2 млрд теңге жұмсалмақ. Осыған байланысты Жамбыл облысы әкімі аппаратының шаруашылық басқармасы мемсатып алу порталында екі келісімшарт жасасты.

Біріншісі – 16 наурыз күні жасалған 1 млрд, 176 млн теңгелік келісімшарт. Тапсырыс орындаушы компания – «Интеллект Азия» ЖШС. Келісшартқа сәйкес, аталған жеке компания әкімдік ғимаратын жыл аяғына дейін жөндеп бітіруге тиіс.

Келісімшарт «тікелей бір көзден сатып алу» тәсілі арқылы жасалған. Яғни, әкім аппаратының шаруашылық басқармасы тендер жеңімпазын анықтау үшін ашық конкурс өткізбеген.
Мемлекеттік сатып алу туралы заңға сәйкес, тендерді «тікелей бір көзден сатып алу» тәсілі арқылы өткізуге ондаған негіз бар. Алайда тапсырыс беруші бұл тәсілді қолданған күннің өзінде кемінде үш компанияға ұсыныс жіберіп, ең арзан баға ұсынғанымен келісімшарт жасасуға тиіс. Сондай-ақ, порталда үш компанияға ұсыныс жібергені туралы есепті жүктеуі қажет. Бірақ әкім аппаратының шаруашылық басқармасы «Интеллект Азия» ЖШС-мен жасасқан келісімшартта ондай есеп жоқ. Бұған қоса, кез келген келісімшартта негізгі құжат саналатын техсипаттама да порталға жүктелмеген. Сондықтан тендерді «ұтқан» компания 1 млрд, 176 млн теңгеге нақты қандай жұмыс істеуі тиіс екенін біле алмаймыз.

Әділет министрлігінің дерегінше, «Интеллект Азия» ЖШС – Тараз қаласында тіркелген компания. Басшысы әрі құрылтайшысы – Біржан Жорабеков деген адам. Мемсатып алу порталындағы мәліметке қарағанда, компания 2018 жылдан бері Жамбыл облысы әкімдігіне қарасты мемекелерден 11 мемтапсырыс алған. Орындаған және орындап жатқан тапсырыстарына қарағанда, компания негізінен су және кәріз құбырын тартумен айналысады.

Жамбыл облысы әкімі аппаратының шаруашылық басқармасы әкімдік ғимаратын жөндеуге байланысты жасасқан екінші келісімшарт құны – 35,5 млн теңге. Тапсырыс орындаушы компания – Technadzor Elite ЖШС. Келісімшартқа сәйкес, аталған компания «Интеллект Азия» ЖШС-нің жұмысына техникалық қадағалау жасайды.

Әділет министрлігінің дерегінше, Technadzor Elite – 2021 жылы 22 желтоқсанда құрылған компания. Мемлекетке әлі бір тиын да салық төлеген емес. Құрылған кезін және әлі пайда таппағанын ескерсек, бұл компанияны тәжірибесіз деуге негіз бар. Бірақ соған қарамастан, компания құрылғанына үш-ақ ай толғанда, яғни, наурыз айында Жамбыл облысы әкімдіген 35,5 млн теңгелік мемтапсырысты конкурссыз алды.

Бұл компанияның екі құрылтайшысы бар. Олар – Анапия Бозжігітов пен Рахманқұл Байталиев. Ашық дереккөздегі ақпаратқа қарағанда, Байталиев 2010-2016 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасын басқарған. Бұдан шығатын қорытынды – Жамбыл облысы әкімі аппаратының шаруашылық басқармасы әкімдіктің бұрынғы қызметкерінің тәжірибесіз компаниясына 35,5 млн теңгелік мемтапсырысты конкурссыз берген.

Жалпы, әкімдік ғимаратын жөндеуге 1,2 млрд теңге бөлінгенің өзі күмәнді. Өйткені, интернеттегі фотоларға қарағанда, «Қаңтар қырғыны» кезінде, әкімдік ғимаратының кейбір тұсы ғана өртенген. Салыстырмалы түрде қарайтын болсақ, 1,2 млрд теңгеге 180 орындық екі мектеп немессе 300 орындық бір мектеп салуға болады.
1.4K viewsedited  17:28
Ашу / Түсініктеме
2022-04-18 02:14:24 Бұл тізім мәдениет және спорт министрлігінің мемлекеттік сатып алу порталындағы жылдық жоспары бойынша жасалды. Тізімдегі кітаптардың жалпы бюджеті – 599 млн.

Бұдан бөлек, министрліктің жылдық жоспарында тағы да 1 млрд, 31 млн теңгенің кітап шығаруға жұмсалатынын көруге болады. Алайда бұл сомма нақты қай автордың қандай кітабы үшін бөлінгені жазылмаған. Сатып алу жоспарындағы «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін сатып алу, басып шығару және тарту бағдарламасы» деген анықтама 1 млрд, 31 млн теңгенің де кітап шығару үшін қарастырылғанын аңғартып тұр.

Демек, 1 млрд, 31 миллионға 599 млн теңгені қосамыз, сонда 1 млрд, 630 млн шығады. Осылайша, министрлік кітап шығаруға 1,6 млрд теңге қаржы бөлді деген қорытындыға келеміз.
1.3K viewsedited  23:14
Ашу / Түсініктеме
2022-04-18 02:11:19 Мәдениет министрлігі «әлеуметтік маңызы бар әдебиет» басып-шығаруға 1,6 млрд теңге жұмсамақшы Дәурен Абаев басқаратын министрліктің мемсатып алу порталындағы жылдық жоспарына сүйенсек, биыл да ақын-жазушыларымыздың түрлі кітабын шығыруға мембюджеттен қыруар…
1.0K views23:11
Ашу / Түсініктеме