Get Mystery Box with random crypto!

Бұл тізім мәдениет және спорт министрлігінің мемлекеттік сатып | Miyat KASHIBAY / Мият КӘШІБАЙ

Бұл тізім мәдениет және спорт министрлігінің мемлекеттік сатып алу порталындағы жылдық жоспары бойынша жасалды. Тізімдегі кітаптардың жалпы бюджеті – 599 млн.

Бұдан бөлек, министрліктің жылдық жоспарында тағы да 1 млрд, 31 млн теңгенің кітап шығаруға жұмсалатынын көруге болады. Алайда бұл сомма нақты қай автордың қандай кітабы үшін бөлінгені жазылмаған. Сатып алу жоспарындағы «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін сатып алу, басып шығару және тарту бағдарламасы» деген анықтама 1 млрд, 31 млн теңгенің де кітап шығару үшін қарастырылғанын аңғартып тұр.

Демек, 1 млрд, 31 миллионға 599 млн теңгені қосамыз, сонда 1 млрд, 630 млн шығады. Осылайша, министрлік кітап шығаруға 1,6 млрд теңге қаржы бөлді деген қорытындыға келеміз.