Get Mystery Box with random crypto!

ПРЕСС-АНОНС 20 қаңтар күні сағат 11.00-де келесі мәселелер бо | QR ORTSAILAUKOM | ЦЕНТРИЗБИРКОМ РК

ПРЕСС-АНОНС

20 қаңтар күні сағат 11.00-де келесі мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтеді:
1) Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарын сайлауды тағайындау туралы;
2) Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарларын бекіту туралы;
3) Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау құжаттарының нысандарын белгілеу туралы;
4) Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі және мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауындағы шет мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың байқаушылары, шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қызметінің кейбір мәселелері туралы

Өтетін орны: Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 4.

БАҚ-ты аккредиттеу а.ж. 20 қаңтарда сағат 10.00-ге дейін келесі телефондар бойынша: 8(7172)75-23-69, 8(7172)75-21-03, +77017115495 және келесі электрондық мекенжай бойынша жүргізіледі: v.zheksembekova@election.gov.kz

https://www.election.gov.kz/kaz/news/releases/index.php?ID=8241&v=mobile