Get Mystery Box with random crypto!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан Президенті Сад | БОРТ N1 🇰🇿

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровты туған күнімен құттықтап, оған бақ-береке және жауапты мемлекеттік қызметте табыс тіледі.

Мемлекет басшысы бауырлас Қырғызстанмен достық, тату көршілік және стратегиялық серіктестік рухындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ниетті екенін жеткізді.

Сонымен қатар екі ел президенттері сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы қарым-қатынастарды нығайтуға бағытталған уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысын талқылады.

t.me/bort_01