Get Mystery Box with random crypto!

Air Astana ұшағын құстар зақымдады Нұр-Сұлтаннан Алматыға ұшы | Азаттық таңы

Air Astana ұшағын құстар зақымдады

Нұр-Сұлтаннан Алматыға ұшып келген Air Astana ұшағының қанатшасын құстар зақымдаған.

“Бүгін KS9960 Нұр-Сұлтан – Алматы рейсін орындаған Airbus A321LR ұшағын рейстен кейінгі тексеру барысында зақымданғаны белгілі болды. Құстардың ұшақ қанатына соғылған іздері табылды”, – деді Air Astana әуе компаниясының баспасөз қызметі.

Әуе компаниясы жөндеу жұмыстарын Air Astana инженерлік-техникалық бөлімінің қызметкерлері жүргізетінін атап өтті.

Фото: stan.kz

@azattyqtany