Get Mystery Box with random crypto!

Жаңаарқадағы көкпар ойынының соңы үлкен дауға айналды Ақыр со | Азаттық таңы

Жаңаарқадағы көкпар ойынының соңы үлкен дауға айналды

Ақыр соңы көкпаршылардың бірін ойыннан шығарып жіберді.

Ұйымдастырушы мен көкпаршы арасындағы жанжалдың видеосы әлеуметтік желіде тарады. Онда ата-бабасына ас беріп жатқан азамат ойыншыға жекіп тастайды. Соған қарағанда көкпаршы ойын кезінде оның жанына бататын ауыр сөз айтқан сияқты.

Осылайша ойыншыны көкпардан шығарып жібереді. Ал бұл оқиғаның әрмен қарай қалай жалғасқаны белгісіз.

Бірақ желі қолданушылары дөрекі сөйлейтін ұлттық ойынның ұйымдастырушысын сынға алды.

Фото: Видеодан кадр

@azattyqtany