Get Mystery Box with random crypto!

Алматы және Алматы облысындағы сот бөлімдеріне 'бомба қойылды' | Азаттық таңы

Алматы және Алматы облысындағы сот бөлімдеріне "бомба қойылды"

Белгісіз ер адам Алматы аудандық және қалалық соттарының, сондай-ақ Алматы облысы облыстық сотының және Талдықорғандағы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының электрондық поштасына бомба қойылғаны туралы хат жолдады.

"Бұл туралы Ішкі істер министрлігі өзінің Telegram-каналында жазды. Жарылғыш зат туралы хабар берген адам билік өкілдеріне шарт қойды", — делінген хабарламада.

Ведомство хабарлама бойынша тексеру жүргізілгенін мәлімдеді. Тексеру барысында жасырылған бомбалар туралы хабарламалардың жалған екені анықталды.

Фото: Polisia.kz

@azattyqtany