Get Mystery Box with random crypto!

Қазақстанда жұмыссыз жүрген 66 мың адам әлеуметтік төлем алды | Азаттық таңы

Қазақстанда жұмыссыз жүрген 66 мың адам әлеуметтік төлем алды

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмысынан айырылуына байланысты 66,1 мың адамға әлеуметтік төлем төленді. Бұл туралы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмыстан босатылған қызметкерлер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және соңғы 24 айдағы табысына байланысты 1 айдан 6 айға дейін жұмысынан айырылуы бойынша әлеуметтік төлемдер алады. Төлем қызметкер жоғалтқан табыстың 40% - на дейінгі мөлшерде МӘСҚ қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Ведомствоның айтуынша, биыл 55,7 мың азаматқа төлем алғаш рет тағайындалды.

@azattyqtany