Азаттық таңы

Telegram арнасының логотипі azattygtany — Азаттық таңы
Арнадағы тақырыптар:
Еңбеудауы
Жеңісқасымбек
Алтыналмас
Telegram арнасының логотипі azattygtany — Азаттық таңы
Арнадағы тақырыптар:
Еңбеудауы
Жеңісқасымбек
Алтыналмас
Арна мекенжайы: @azattygtany
Санаттар: Саясат
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 940
Арнадан сипаттама

Әр қазағым жалғызым демекші 💪
Ұлттық патриоттық алаң 🇰🇿🇰🇿🇰🇿
Біз оппозициялық арна емеспіз. Ерекшелігіміз - өзгеше қазақи көзқарас
Кері байланыс, жаңалықты ұсыну немесе жарнама жариялау бойынша @AzattygBot арқылы іске асыруға болады.

Ratings & Reviews

2.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар

2022-08-31 07:33:54
Грек-рим күресінен 2022 жылғы әлем чемпионатына Қазақстан атынан шығатын құрам белгілі болды

Қазақстан
күрес федерациясының баспасөз қызметі Сербия астанасы Белградта өтетін әлем чемпионатына грек-рим стиліндегі ұлттық құраманың спортшыларын жариялады.

Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының әлем чемпионатына қатысатын құрам:

55 келі: Аманғали Бекболатов; 60 келі: Айдос Сұлтанғали; 63 келі: Ғалым Қабдунасаров; 67 келі: Дінмұхамед Қошқар; 72 келі: Ибрагим Магомадов; 77 келі: Тамерлан Шадукаев; 82 келі: Диас Кален; 87 келі: Нұрсұлтан Тұрсынов; 97 келі: Олжас Сырлыбай; 130 келі: Әлімхан Сыздықов.

Айта кетейік, әлем чемпионаты қыркүйектің 10-18-і аралығында өтеді.

Фото: stan.kz

@azattyqtany
7 views04:33
Ашу / Түсініктеме
2022-08-30 07:41:01
Air Astana ұшағын құстар зақымдады

Нұр-Сұлтаннан Алматыға ұшып келген Air Astana ұшағының қанатшасын құстар зақымдаған.

“Бүгін KS9960 Нұр-Сұлтан – Алматы рейсін орындаған Airbus A321LR ұшағын рейстен кейінгі тексеру барысында зақымданғаны белгілі болды. Құстардың ұшақ қанатына соғылған іздері табылды”, – деді Air Astana әуе компаниясының баспасөз қызметі.

Әуе компаниясы жөндеу жұмыстарын Air Astana инженерлік-техникалық бөлімінің қызметкерлері жүргізетінін атап өтті.

Фото: stan.kz

@azattyqtany
39 views04:41
Ашу / Түсініктеме
2022-08-30 07:05:13 Құрметті қазақстандықтар!

Қазақстан Республикасының Конституция күнімен құттықтаймыз!

Негізгі Заңымыз – елдегі тұрақтылықтың, бейбітшілік пен келісімнің кепілі, мемлекетіміздің демократиялық дамуының мызғымас іргетасы! Азаматтық құқықтарымыз бен бостандықтарымызға кепілдік беретін ол – Конституция. Оның арқасында еліміз тұрақтылық, келісім мен өркендеу жолында дамуда.

Сіздерге келісім, тұрақтылық пен гүлдену, бастарыңыздан ашық аспан және жаңа жеңістерге ұмтылу тілейміз!
36 views04:05
Ашу / Түсініктеме
2022-08-29 09:05:24
Атырауда арзан Toyota алғысы келген азаматтар алданып қалды

Атырауда Грузия мен Армениядан арзан бағаға шетелдік көлікке тапсырыс бергендер сан соғып қалды.

Атыраулық 8 тұрғын Грузия мен Армения мемлекетінен төмен бағада шетелдік көлік сатып алғысы келеді. Олар әлеуметтік желіде осы кәсіппен айналысып жүрген ер адамға ақшаларын беріп, темір тұлпарының келуін күтеді. Бірақ алаяқ тұрғындардың ақшасын жеке шаруасына жұмсап тастаған.

Шығын көлемі — 40 млн теңге. Іс тергеліп, сотқа жөнелтілді. Күдікті тергеу қапасында отыр, — дейді Дастан Габдуллин.

@azattyqtany
40 views06:05
Ашу / Түсініктеме
2022-08-28 12:39:01
Жаңаарқадағы көкпар ойынының соңы үлкен дауға айналды

Ақыр соңы көкпаршылардың бірін ойыннан шығарып жіберді.

Ұйымдастырушы мен көкпаршы арасындағы жанжалдың видеосы әлеуметтік желіде тарады. Онда ата-бабасына ас беріп жатқан азамат ойыншыға жекіп тастайды. Соған қарағанда көкпаршы ойын кезінде оның жанына бататын ауыр сөз айтқан сияқты.

Осылайша ойыншыны көкпардан шығарып жібереді. Ал бұл оқиғаның әрмен қарай қалай жалғасқаны белгісіз.

Бірақ желі қолданушылары дөрекі сөйлейтін ұлттық ойынның ұйымдастырушысын сынға алды.

Фото: Видеодан кадр

@azattyqtany
45 views09:39
Ашу / Түсініктеме
2022-08-27 15:22:01
Қазақстандық тоғыз жасар бала испандық футбол клубымен келісімшарт жасады

Орал қаласының тұрғыны тоғыз жасар оқушы Назар Доля Испанияның "Леванте" кәсіпқой футбол клубының академиясында өткен сынақтан сәтті өтті.

Енді ол жыл бойы әлемдік деңгейдегі футболшылармен бір алаңда жаттығады.

Назар футбол қаралымын көруі Global Football Total Levante UD академиясының базасында өтті.

Жарты айдан астам уақыт ол испан мектебінде оқыды. Тоғыс жасар бала испан тілінде жақсы сөйлейді.

Фото: stan.kz

@azattyqtany
52 views12:22
Ашу / Түсініктеме
2022-08-27 11:49:01
Алматы және Алматы облысындағы сот бөлімдеріне "бомба қойылды"

Белгісіз ер адам Алматы аудандық және қалалық соттарының, сондай-ақ Алматы облысы облыстық сотының және Талдықорғандағы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының электрондық поштасына бомба қойылғаны туралы хат жолдады.

"Бұл туралы Ішкі істер министрлігі өзінің Telegram-каналында жазды. Жарылғыш зат туралы хабар берген адам билік өкілдеріне шарт қойды", — делінген хабарламада.

Ведомство хабарлама бойынша тексеру жүргізілгенін мәлімдеді. Тексеру барысында жасырылған бомбалар туралы хабарламалардың жалған екені анықталды.

Фото: Polisia.kz

@azattyqtany
55 views08:49
Ашу / Түсініктеме
2022-08-27 07:51:57
Жәнібек Әлімханұлына ресми түрде әлем чемпионы атағын иемденді

Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 КО) Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) нұсқасы бойынша ресми түрде әлем чемпионы атанды.

Америкалық боксшы Деметриус Андраде (31-0, 19 КО) WBO титулынан бас тартып, екінші орта салмаққа өткен. Осылайша ол белбеуге үміткер болған Әлімханұлымен жұдырықтасудан жалтарып кетті. Сондықтан ұйым қазақстандық боксшыны әлем чемпионы ретінде ресми түрде мойындады.

Әлімханұлы "уақытша" чемпиондық белбеуге британиялық Дэнни Дигнумды (14-1-1, 8 КО) нокаутпен жеңген соң қол жеткізген.

Фото: stan.kz

@azattyqtany
50 views04:51
Ашу / Түсініктеме
2022-08-26 13:31:01
АЭС-тен қорқудың қажеті жоқ — Премьер-министр

Қазақстанда салынатын атом электр станциясы халықаралық бағытта жұмыс істейтін болады. Бұл туралы Премьер-министр Әлихан Смайылов Tengrinews-ке берген сұхбатында айтты.

Үкімет басшысы қазақстандық делегация "Росатомның" қатысуымен Түркияда салынып жатқан "Аккую" АЭС-тің тәжірибесін көріп келгенін мәлімдеді. Смайыловтың сөзінше, жобаның құрылысына шамамен 8 жыл уақыт кетеді.

Сондай-ақ ол қазақстандықтарды АЭС-тен қорықпауға шақырды.

"Біз ең қауіпсіз технологияны және барлық жұмыстарды белгіленген мерзімде сапалы орындай алатын жеткізушілерді таңдаймыз", — деп сендірді Премьер-министр.

Фото: inform.kz

@azattyqtany
49 views10:31
Ашу / Түсініктеме
2022-08-26 10:10:00
Қазақстанда жұмыссыз жүрген 66 мың адам әлеуметтік төлем алды

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмысынан айырылуына байланысты 66,1 мың адамға әлеуметтік төлем төленді. Бұл туралы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмыстан босатылған қызметкерлер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және соңғы 24 айдағы табысына байланысты 1 айдан 6 айға дейін жұмысынан айырылуы бойынша әлеуметтік төлемдер алады. Төлем қызметкер жоғалтқан табыстың 40% - на дейінгі мөлшерде МӘСҚ қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Ведомствоның айтуынша, биыл 55,7 мың азаматқа төлем алғаш рет тағайындалды.

@azattyqtany
52 views07:10
Ашу / Түсініктеме