Get Mystery Box with random crypto!

Майн Кайф (де)

Telegram арнасының логотипі asylkhan_aab — Майн Кайф (де) М
Telegram арнасының логотипі asylkhan_aab — Майн Кайф (де)
Арна мекенжайы: @asylkhan_aab
Санаттар: Блогтар , Саясат
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 532
Арнадан сипаттама

Кері байланыс үшін:
t.me/asylkhankaz

Ratings & Reviews

4.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

2

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар

2022-11-02 23:33:38 Егер сұрақтарыңыз, ұсыныстарыңыз болса кері байланыс үшін мына жерден таба аласыздар:

Телеграм – https://t.me/asylkhankaz

Instagram – @asylkhan_aab
9 views20:33
Ашу / Түсініктеме
2022-11-02 23:27:40 Алдағы бірнеше күнде АҚШ та, Европа да, Украина да тіс жармаса Индонезияға Путин Лавровты жібере салатын шығар. Жоғарыдағылар іске аспай бара жатса «ядролық қару қолдана саламын» - деп те қорқытып жатыр, лишь бы Путинмен кездессін деп. Бірақ, егер Украина немесе Батыс елдері басшылары Балиде Путинмен кездесіп, келіссөз бастамаса Ресейде алдағы уақытта Украинаны келіссөзге шақыратын мүмкіндік те бола қоймайтын сияқты.

Ресейдің қалауы примерно түсінікті. Ал Украина Батыстың көмегін максимально пайдалану арқылы 2014 жылы басталған проблеманы раз и навсегда шешуді көздеуде. Ал ол проблема қазір шешілмей, қазір келіссөзге барып, соғысты уақытша тоқтатса, алдағы уақытта ДНР, ЛНР мен Крымды қайтаратын мүмкіндік бола қоймайды. Ресей де «замороженный» соғысты қайта бастай салуы мүмкін.

Ал Батыс елдері позициясы – «Украина келіссөз бастаса да өзі біледі, соғысты таңдаса біз көмектесуге дайынбыз». Батыс елдері 24 ақпаннан бастап Украинаға 41 млрд $ әскери көмек пен 14 млрд $ гуманитарлық көмек жіберген екен. Әр ай сайынғы Украина пенсионерлері мен бюджетниктерінің ақшаларын да Батыс елдері төлеуде қазір. Евросоюз 2023 жылы 19 млрд € көмек көрсетуге дайын екенін айтты (6 Expo-2017 ақшасы).

Мен уже Ресейдің мұндай ойы жайлы шет жағасын біраз алдын да жазып едім. Бұл жай ғана менің ойым.
9 viewsedited  20:27
Ашу / Түсініктеме
2022-11-02 23:14:49
Ол қалай?

• Украина қалаларындағы электростанция, сумен қамтамасыз ету станцияларын жару арқылы жарық, су мен жылусыз қалдыру. Алдағы қысты жоғарыдағыларсыз өткізу қиын болғандықтан украиндер Ресеймен келіссөзге келу шансы бар.

• Газ құбырларын жару, бекіту арқылы Европа тұрғындарына да қысым көрсету. Бағалар өсіп, газ тапшылығын сезінген европалықтар өз үкіметтері Ресеймен келіссөз жүргізу немесе Украинаға көмекті азайтуын талап етсін деп.

• Кеше ғана Украина дәнді-дақылдарын экспорттау келісімінен шығу арқылы әлемдегі азық-түлік бағасының өсіп, кедей елдердің «любой ценой» Украинадағы соғысты тоқтатуға ұмтылуын қалап отыр, кедей елдер Европа, АҚШ немесе Украинаға «Ресеймен келіссөз жүргізіңдер, әйтпесе біз аш қаламыз!» - деуіне жағдай жасауда.

Жиналыс жақындаған сайын Ресей барынша Украина мен дамыған елдерге мінезін көрсетуде және «если что, 15-16 күні менімен кездесулеріңе болады», – деген намек тастауда. Ертең келіссөз все же болса Ресей өз халқына «мінекей, гений Путин тағы жеңді!» - дей алады.
2 views20:14
Ашу / Түсініктеме
2022-11-02 23:06:50
Қазір Ресей жақында өз құрамына қосқан Херсон облысы тұрғындарын Днепр өзенінің сол жағалауына эвакуация жасауда (суретте Каховка мен Херсон арасындағы көк сызықтың төменгі жағы). Ол деген сөз – Ресей көктемде басып алған Днепр өзенінің оң жағалауынан айырылуға дайындалуда. Өйткені Украина шабуылына төтеп беруіне сенімді емес.

Ресейде соғысты тоқтату үшін екі варианты болып тұр:
1. Шабуыл жасау арқылы соғыс майданында Украинаны жеңіп, тізе бүктіру;
2. Украина мен оған көмектесіп жатқан елдер халықтарына әсер ету арқылы, ол халықтар соғыстан шаршап, «ладно, Ресей, лишь бы соғысты тоқтатшы» деп жалынуын күту.

Майданда жеңуі екіталай болғандықтан Ресей екінші тактикаға көшті – Украина мен Европа халқына психологиялық, морально и экономикалық тұрғыда қысым жасау.
7 views20:06
Ашу / Түсініктеме
2022-11-02 23:00:45
Неге?

Өйткені Ресей Украинадағы соғысты жеңіп жатқан жоқ. Қазіргі Ресейдің әрекетіне қарасақ, Ресейдің басты мақсаты – соғысты жеңу емес, Украинаның жеңуіне жол бермеу ғана болып тұрған сияқты. Ресей жай ғана соғысты осы күйде қалдырса да үлкен жетістік болғалы тұр:

• Украинада әскери күш жағынан да, жабдықтау жағынан да аса үлкен проблемасы жоқ. Соғыс ұзаққа созылса да Украина үшін әскерін Европа мен АҚШ оқытып, техниканы Европа мен АҚШ жеткізіп беруге дайын. Получается, Украина тек соғыса берсе жеткілікті.

• Ресейде әскерге адам жинау қиын. Жиналған адам да неге Украинаға соғысуға баруы керектігін түсінбейді и мотивация жоқ (ал украинде соғысуға мотивация жеткілікті). Тем более соғыс ұзаққа созылған сайын әскери техника жасау, оқ-дәрілермен қамтамасыз ету қиындауда. Сондықтан Ресей ұзақ соғысуға дайын емес.
9 views20:00
Ашу / Түсініктеме
2022-11-02 22:52:14
Жиналысты қабылдайтын Индонезия барлық елді шақырып қойды, онымен қоса, қабылдаушы тарап өз еркімен тағы да бірнеше елді қонақ ретінде шақыруға құқылы. Индонезия президенті Джоко Видодо Балидегі саммитке ASEAN-дағы осы жылғы төрағасы Камбоджаны, Африкалық Одақ төрағасы Сенегалды, Кариб теңізі елдері ұйымы төрағасы Суринамды, Тынық мұхит аралдары ұйымы төрағасы Фиджиді және ОАЭ мен Украинаны шақырған.

Жалпы, Ресей–Украина соғысын пайдаланып, өзіне очко жинауда Эрдоганның басты бәсекелесі де алдағы 2 апта осы Джоко Видодо болады.

Дамыған елдер басшылары Балиге келетінін және Путин келсе де, онымен кездесу болмайтынын хабарлады. Путин пока шешкен жоқ баратын-бармайтынын.

Бірақ Путин Балиге қатты барғысы келеді.
12 views19:52
Ашу / Түсініктеме
2022-11-02 22:45:10
15-16 қараша күндері Индонезияның Бали аралында «Үлкен жиырмалық» (G20) экономикалық тобының кезекті жиналысы өтеді. G20 – Әлем халқының 2/3 мен экономикасының 85% беретін Әлемдегі ең ірі (необязательно дамыған) экономикалық елдерден құралған. Бірақ, ең ірі 20 елді алып, біріктіре салмаған:
• 20 елдің қатарында Европа елдері көп болғандықтан ең ірі 20 экономика қатарына кірсе де, топқа Испания, Нидерланды мен Польша қосылмаған;
• 20 ең ірі экономика қатарына кірмесе де Аргентина мен ЮАР қосылған;
• G20 тобына экономика көлемі (ЖІӨ) ең ірі 17 ел мен Аргентина, ЮАР мен Евросоюз кіреді;
• Әр жиналысқа «тұрақты қонақ» ретінде Испания, Нидерланды, Сингапур басшылары келеді.

Короче, өте маңызды ұйым.
15 views19:45
Ашу / Түсініктеме
2022-10-28 23:07:40 Ал Евросоюзға не пайда? Неге өздеріне салмайды оны? Неге именно Қазақстанға салғыш болып қалды?

Жалпы сутек өндіру үшін электроэнергия қажет. Оны көмірді, газды немесе мұнайды өңдеу арқылы алуға болады. Алайда, олар табиғатты ластайды. Ал табиғатты ластамай өндіру үшін сутек шығаратын зауыт қасына өте үлкен және қуатты жел және күн электр станциялары қажет болады.

Европа елдеріне жақын, тұрақты түрде жел соғып, көбіне аспаны ашық болып тұратын аймақ – Қазақстан. Сондықтан да Европалық Одақ ақшасын Қазақстанға құйып, осында таза электростанциялар салып, сол станциялардың қуаты арқылы суды электролиздеу әдісімен сутек өндіріп, оны өздеріне қолдануға алмақшы.

Сондықтан, жоба оларға да қажетті, бізге де пайдалы болып тұр. Ал мына видео астындағы «кремлеботтар» 'бесплатный сыр бывает только...' дегендей айтуы шындыққа жанаспайды.



106 viewsedited  20:07
Ашу / Түсініктеме
2022-10-28 22:58:08 «Қазақстанға қандай пайда?» - деген сұраққа жауап:

1. Экономика диверсификациялау
Қазақстан онсыз да мұнайға тәуелді ел, жылдар бойы оның орнына дені дұрыс альтернатива таба алмай, экономиканы әрсалаландыра алмай жүрміз. Бұл жоба қазіргі мұнай беретін табыстың жартысына жуығын бере алады.

2. Толық циклді мамандар дайындаймыз
Зауыттағы жұмысшыларды бастапқыда Европа елдері дайындаса, кейіннен ол жұмыс жергілікті оқу орындарына берілмекші.

3. Жұмыс орындары
Бір ғана зауытта 1800 адам жұмыс жасағанымен, ол зауытты энергиямен қамтитын жел және күн электростанциясы, сутекті тасымалдау, мамандар дайындайтын оқу орындарындағы персонал – бір зауытпен бірге қосымша бірнеше мыңдаған жаңа жұмыс орындары ашылады. Еще жай-май емес, білім мен мамандарды қажет ететін жұмыстар.

4. Қытай емес, Европаға бағытталған сала.
Менің субъективті ойымша, Қазақстан диктатуралық, заң үстемдігі жоқ, елдерді қарызға батырып портын, зауытын, кен орнын алып қоятын Қытайға қарағанда ашық, демократиялық Европамен ұзақ мерзімде жұмыс жасаған дұрыс сияқты.

5. Болашақтың энергиясын өндіруде алдыңғы қатарға кіретін боламыз.
Сутекті таза энергия көзі ретінде көреді. Өйткені сутекті жаққанда атмосфераға су бөлінеді. Оны қазіргі мұнай-газ құбырларымен тасымалдау оңай. Шет елден технологиясы дамыған ел келіп «давай саған осындай әлемдегі ең үлкен таза зауыт салып беремін» - десе, оның несі жаман? Тем более ол арқылы Қазақстан экологиялық таза энергия көзінің ең ірі өндірушілерінің бірі болып кетсе.
83 viewsedited  19:58
Ашу / Түсініктеме
2022-10-28 22:45:16
Получается, Евросоюз 2032 жылы толық жұмысын бастайтын «жасыл сутек» өндіретін зауытты Маңғыстау облысында салады. Ол зауыт Евросоюзға қажетті таза сутектің 1/5 бөлігін өндіреді. Өндіріске қажетті электроэнергияны европалық компаниялар салатын жел және күн электр станцияларынан алады.

2032 жылдан бастап жыл сайын Қазақстан Европаға 20 ГВт эквиваленттегі сутекті экспорттайды. Салыстыру үшін – Қазақстан қазір жылына 19.8 ГВт энергия қолданады. Получается, 2032 жылы қазір өзіне қажетті энергияны өндіруге жететіндей сутекті Евросоюзға экспорттаймыз.

Қазіргі әлемдегі электролиз әдісі бойынша «жасыл сутек» өндіретін ең ірі зауыт жылына 1300 тонна сутек шығарса, Маңғыстаудағы зауыт 2032 жылы 2 млн тонна сутекті электролиз әдісімен өндіреді. Зауытта 1800 жұмыс орны ашылса, жұмысшыларды Германия, Швеция елдері бірге дайындайтын болады.

1 кг мұнай 0.6-0.7$ тұрса, 1 кг «жасыл сутек» 8-10$ тұрады. Так что Қазақстан үшін бұл өте жақсы жоба.
79 viewsedited  19:45
Ашу / Түсініктеме