Get Mystery Box with random crypto!

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаевтың Мем | Aqorda 🇰🇿

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаевтың Мемлекет басшысына жасаған баяндамасынан:

Террористік қатерлерді азайту үшін алдын алу жұмыстары жүргізілді. 3 террорлық актіге дайындық кезеңінде тосқауыл қойылды. Кезектен тыс президенттік сайлау кезінде жаппай тәртіпсіздікті жоспарлаған радикалды топ жойылды. Лаңкестік және экстремистік қылмыстар жасағаны үшін 56 адам сотталды.

Терроризм мен діни экстремизмге қатысы бар 134 шетел азаматының елге кіру әрекетінің жолы кесілді.

Құқық қорғау органдарымен бірлесіп, еліміздегі криминогендік жағдайды айтарлықтай жақсартылды. Аса қауіпті 15 ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталып, олардың 56 басшысы және белсенді мүшелері ұсталды.

1 100-ден астам қару, 598 граната және 31 860 оқ-дәрі заңсыз айналымнан шығарылды. Тәркіленген қарудың жартысына жуығы қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған.

Есірткіге қарсы 130 операция жүргізілді. 1,3 тонна әртүрлі есірткі тәркіленді. Шетелдік серіктестермен бірге 96 халықаралық және өңірлік есірткі жеткізу арнасы тоқтатылды. Синтетикалық есірткі өндірісімен айналысқан 28 зертхана жойылды.

32 заңсыз көші-қон арнасының жолы кесіліп, оларды ұйымдастырушыларға қатысты 12 қылмыстық іс қозғалды.

Мемлекеттік құпияларды қорғау жүйесін дамыту жөнінде кешенді шаралар іске асырылды. ҰҚК техникалық қызметтері аса маңызды инфрақұрылым объектілеріне жасалған 341,8 миллион кибер және 2 954 DDoS-шабуылға тоқсауыл қойды.

Мемлекеттік шекараны бұзған 15 603 адам ұсталды. Шекара арқылы құны 21,9 миллиард теңге болатын валюта, алтын және өзге тауарларды заңсыз өткізуге жол берілмеді.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы ұлттық қауіпсіздік органдары қызметінің бағыттары бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

t.me/aqorda_resmi