Get Mystery Box with random crypto!

«AMANAT» партиясы қазақстандықтарды Президенттің жаңа реформал | AMANAT партиясы

«AMANAT» партиясы қазақстандықтарды Президенттің жаңа реформалары төңірегінде топтасуға шақырды

Бүгін «AMANAT» Төрағасы Ерлан Қошанов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау үшін партия активімен жиын өткізді. Оған Парламент депутаттары, қоғам қайраткерлері, Орталық аппараттың қызметкерлері қатысты. Сондай-ақ, бейнеконференция байланысы арқылы партияның барлық аймақтық филиалдары қосылды.

Партия Төрағасы Ерлан Қошанов партияның Орталық аппараты мен өңірлік филиалдарының алдына Жолдауды халық арасында ілгерілету және онда айтылған Мемлекет басшысының реформаларын іске асыру үшін барлық партиялық ресурстарды жұмылдыру жөнінде бірқатар нақты міндеттер қойды.

https://t.me/AMANATPartiyasy